"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.М. КЕНБЕИЛОВ ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ О. А. ӘЛІБЕКОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН "АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА КӨП БЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫ САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ" ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫСҚА ҚАТЫСТЫ

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары О. А. Әлібековтің төрағалығымен өткен АЭА қатысушысы "РенЭлл Ақтау" ЖШС-нің "Ақтау қаласында көп бейінді аурухананы салу және пайдалануға беру" жобасы бойынша жиналысқа қатысты. Жобаның инвесторы "Rönesans Holding" компаниясы болып табылады. Әлеуметтік маңызы бар жоба Қазақстанның алты облысында жүзеге асырылады. "Ақтау теңіз порты" АЭА қызметінің басым түрі - "Көп бейінді аурухананы салу және пайдалануға беру" ағымдағы жылдың шілде айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан қолдау тауып, бекітілді. Жиналыс қорытындысы бойынша жобаны уақтылы іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 161